Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой департаменттің тағы бір қытай вакцинасын сатып алу үшін келісім жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
«Қазір Қытайда шығарылған жаңа вакцинамен келісім жүргізіп жатырмыз. ДДСҰ бұл екпені тіркеуді қарастыруда. Сондықтан біз үшін вакцинаны тез арада ел ішінде жеткізу маңызды. Қазір келісімшарттарға қол қою сатысындамыз. Бәрі аяқталғанда мәлімдейміз», деді министр.