ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Linkedin интернет-ресурсын Қазақстана қайта қосу туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Linkedin компаниясының ресми өкілдерімен Қазақстандағы Linkedin.com интернет-ресурсына кіруді шектеу кезінде туындаған жағдай бойынша келіссөз жүргізді. Linkedin әкімшілігі платформада орналастырылған материалдардағы ҚР заңнамасын бұзатын фактілер туралы министрлік жіберген хабарламаны қарады», деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.
Linkedin өкілдері қазақстандық тараптың талабын негізді деп танып, интернет-ресурстан заңсыз контентті алып тастаған. Осыған байланысты министрлік елімізде интернет-ресурсты қолжетімді ету үшін қажетті шара қабылдады.
Айта кетейік, екі күн бұрын Linkedin желісі бұғатталған еді.