• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 29 Шілде, 2021

Қазақстан спортшыларының екінші легі Токиоға ұшып келді

170 рет
көрсетілді

Қазақстандық олимпадашылардың тағы бір тобы Алматыдан Токиоға ұшып келді, деп жазады Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегация құрамында 44 адам келді, оның 23-і спортшы. Қатарында еркін және әйелдер күресі, әртістік жүзу, көркем гимнастика мен жүзу, бессайыс пен жеңіл атлетика спортының өкілдері бар.

Жеңіл атлетика жарыстары 30 шілдеде басталады. Әйелдер 100 метр қашықтық пен үш қарғып секіру бойынша бақ сынайды. Отандық спортшылардан Ольга Рыпакова, Ольга Сафронова, Мария Овчинникова, Ирина Эктова қатысады.

Ерлер арасында 400 метр қашықтық бойынша Михаил Литвин 1 тамызда жарысқа қосылады.

1 тамыздан бастап Эльмира Сыздықова бастаған балуандар мен грек-рим  күресінің шебері Мейрамбек Айнағұлов жарыс алаңына шығады. 

2 тамызда әртістік жүзуден Александра мен Екатерина Немичтер, 5 тамызда қазіргі бессайыс бойынша Елена Потапенко мен Павел Ильяшенко, 6 тамызда көркем гимнастикадан Алина Әділханова өнер көрсетеді.