• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Шілде, 2021

Оңтүстік Кореяда Қазақстанның Құрметті консулы тағайындалды

726 рет
көрсетілді

29 маусымда Сеулдегі ҚР Елшілігінде Құрметті консулдың патентін және «Dongil Highvill» Оңтүстік Кореялық компаниясының Президентіне экзекватура тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Кореядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы жаңадан тағайындалған құрметті консулы Ко Донг Хён Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынасы тарихындағы осындай маңызды лауазымға алғашқы болып тағайындалды..

Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы Құрметті консулының негізгі қызметі азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты күшейтуге, сондай-ақ экономика, мәдениет, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге бағытталатын болады.

Құрметті Консул жұмысының юрисдикциясына Чхунчхоннам-до, Чхунчхонбук-до, Чхолланам-до, Чхоллабук-до, Кёнгсаннам-до, Кёнгсанбук-до және Канвон-до провинциялары кіреді.