• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 29 Шілде, 2021

Ералы Тоғжанов ұлттық брендті дамыту жөнінде онлайн-кеңес өткізді

440 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ұлттық брендтерді дамыту жөнінде онлайн-кеңес өтті. Кеңеске орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақстан өзінің ұлттық жобалары мен брендін дамытуы тиіс, осы құндылықтар арқылы Қазақ елінің танымалдылығы артады. Бұл халықтың рухын көтеріп, қазақстандық бірегейлікті айқындайтын ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуда ел тұрғындарын бірігуге көмектеседі», деді кеңесте Е.Тоғжанов.

Премьер-Министр орынбасарының айтуынша, қазіргі уақытта «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі жол картасы іске асырылып жатыр. Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы тарихи естеліктерге бай зияткерлік және рухы жоғары қоғамды қалыптастыру мен дамытудың пәрменді тетігі бола алады.

«Қазақ күресін» жаппай дамыту он жыл бұрын «Қазақстан Барысы» жобасын жүзеге асырудан басталды. Танымалдық деңгейінің артуы «Әлем барысы» және «Еуразия барысы» секілді халықаралық іс-шараларда байқалуда. Бүгін «Қазақстан барысы» халық өнерін жандандыру және ұлттық ойындарды насихаттау бойынша өзіндік сайыс түрі болып қалыптасты. Жыл сайын турнирге 9 мыңнан астам жанкүйер, 2 млн-нан астам көрермен қатысады. Бұл жоба халықтың зор қолдауына ие болды», деп жазады ведомство сайты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе қазақы Қазанат жылқы тұқымын дамытуға қатысты болды. Аталған тұқымды қалпына келтіру мен сақтау бойынша жол картасы әзірленген.

Сонымен қатар, «Патшалық жылқылар қоражайы» («Царская конюшня») ғимаратын тарихи ескерткіштер мен мәдениеттің мемлекеттік тізіміне қосу туралы сөз болды. Қазанат тұқымындағы жылқыларды асыл тұқымдық сынау жүйесін енгізу туралы да айтылды.