• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 29 Шілде, 2021

Қазақстанда вирустың таралуы бойынша «Қоңыр-қызыл» аймақ пайда болды

2320 рет
көрсетілді

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33 Қаулысымен, Қазақстанда «Қоңыр-қызыл» аймақ пайда болды, деп жазады Egemen.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

«Қоңыр-қызыл» аймақ - тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен  толтырылу көрсеткіші 70% - дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде)», деп түсіндірілген Қаулыда.

Қаулыға сәйкес, 2 тамыздан бастап «қоңыр-қызыл» аймақта демалыс күндері шектеу шаралары енгізіледі.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында 2021 жылғы 2 тамыздан бастап:

1) орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан, «Ashyq»-қа қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтататылады;

2) ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады;

3) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйымдардың қызметкерлерінің (вакцинацияланған және соңғы 3 ай ішінде ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда)  80%-ы үшін қашықтықтан жұмыс істеу нысаны сақталады.