• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Шілде, 2021

Үш баласын өлтірген ана өз-өзіне қол салды

1325 рет
көрсетілді

Полиция үш баласының өмірін қиған ана өз-өзіне қол жұмасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты балалардың анасы жасағандығы анықталды», делінген Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратында.

Ведомствода атап өткендей, 2021 жылғы 9 маусымда ҚР ҚІЖК 35-бабының 1-бөлігі 11-тармағы негізінде қылмыстық іс тоқтатылды.

2020 жылдың қараша айында Павлодардағы Айманов көшесіндегі 2 пәтерден төрт мәйіт - әйел мен 2013, 2015 және 2017 жылдары туған үш бала табылды.