• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2021

ҚР Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды түсіндірді

210 рет
көрсетілді

Әлеуметтің желілерде Қырғыз Республикасының аумағында «Ақ Тілек автожол» автомобиль өткізу пунктінің (Қазақстан тарапынан шектес өткізу пункті – «Қарасу») алдында жүк автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2021 жылғы 30 шілдедегі жағдай бойынша Қырғыз Республикасы тарапынан «Қарасу» өткізу пунктіндегі жүк автокөлік құралдарының саны 50-80 бірлікті құрады. Бұл жеміс-көкөніс өнімдерінің пісетін маусымын ескере отырып, көрсетілген өткізу пункті үшін штаттық жағдай болып табылады», деп түсіндірді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті баспасөз қызметі.

Қазақстан-қырғыз шекарасындағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері де толық көлемде жұмыс істеп тұр.

«Орта есеппен бір тәулік ішінде Қазақстан Республикасының аумағына Қырғыз Республикасынан 300-350 автокөлік құралымен тауарлар жеткізіледі», делінген хабарламада.