Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетов Токио олимпиадасынан соң жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп жазады Egemen.kz.
«Алға қойған мақсатымызға жете алмадық. Бәрі біз ойлағандай бола бермейді.
Бокстағы 13 жылдың ішінде қаншама еңбек, тер, жарақат пен қан кетті, осының бәрі сол бала кездегі Бекзадтың арманынан басталған болатын.
Қандай жағдай болса да қасымда табылатын отбасыма, бауырларыма, жақындарыма және шын жанашыр жандарға алғыс айтамын!Нелер келіп, не кетпес ер жігіттің басына», деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Бекзат Нұрдәулетов олимпиадада ресейлік Имам Хатаевпен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді.