• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Шілде, 2021

Қазақстанда орташа жалақы көлемі өсті

1326 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы қазақстандықтардың орташа айлық атаулы жалақысы туралы деректерді жариялады. Ең төменгі жалақы ауыл, балық және орман шаруашылығы салаларында тіркеледі, деп хабарлайды Egemen.kz Turantimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Бюро ұсынған мәлімет бойынша, 2021 жылдың ІІ тоқсанында бір жұмыскердің орташа айлық атаулы жалақысы 251 508 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2020 жылдың тиісті тоқсанына 118,6%-ды, нақты жалақы индексі 110,4%-ды құрады.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 472,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,9 есе жоғары), тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда – 461,8 мың теңге (1,8 есе), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласында – 356,7 мың теңге (1,4 есе), ақпарат және байланыс саласында - 338,6 мың теңге (тиісінше 1,3 есе) тіркелген.

Орташа айлық номиналды жалақының төмен деңгейлері ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында – 145,6 мың теңге және қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет салаларында – 146,5 мың теңге байқалды.

«Өңірлік бөліністе ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы Атырау облысында белгіленді - 398,5 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,6 есе жоғары. Солтүстік Қазақстан облысында оның көлемі 189,8 мың теңгені құрады. Бұл ел бойынша орташа деңгейден 24,5%-ға төмен», делінген Бюро ақпаратында.