• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Медицина 30 Шілде, 2021

ҚР Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Шымкентке келді

362 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жедел жәрдем станциясы Call-орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір ауысымда 30 диспетчер жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қазіргі уақытта жедел жәрдем қызметіне күніне 5000 -ға жуық қоңырау түседі», дейді орталықтың бас дәрігері Г.Құрманбекова.

Соған қарамастан жедел жәрдем қызметкерлері қарқынды режимде жұмыс істейді және науқастарға уақытында медициналық көмек көрсетеді.

Орталықтың жұмыс барысымен танысқаннан кейін А.Цой жедел жәрдем қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалады және ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау министрі «Медикер» медициналық орталығына барып, жұмысымен танысты, оңалту емін қабылдап жатқан науқастардың жағдайын тексерді.