• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Шілде, 2021

ҚМДБ COVID-19-ға қарсы салынатын екпе туралы мәлімдеме жасады

543 рет
көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz басқарманың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет», деп жазады ҚМБД.

«Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген. Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деп шипа іздеуге үндеген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс. Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда. Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі», - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, мүфтият елдегі пандемиялық жағдайдың күн сайын күрделеніп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Жұқпалы дерттен бір отбасында бірнеше адам жан тапсыруда. Бұл жағдай екпе салдыруға қатысты оң шешім қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Осы ретте халықты барынша сақтанып, денсаулығымыз бен өмірімізді сақтап қалу үшін екпе салдыруға үндейміз. Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін! Әмин!», делінген үндеуде.