• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Шілде, 2021

Қазақстан мен Татарстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығын кеңейтеді

279 рет
көрсетілді

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев Татарстан Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрі Марат Зяббаровпен өнеркәсіптік кооперация мен агроөнеркәсіптегі ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, кооперация бағыттарының бірі сүтті мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және Қазақстан аумағында сүтті терең өңдеу бойынша бірлескен жобаларды іске асыру болуы мүмкін. Оның ішінде шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталықтары базасында.

Тараптар сондай-ақ Халал және органикалық өнімдерді өндіру және ілгерілету, сондай-ақ халал/органик өнімдерін сертификаттау және аккредиттеу жүйелерін құру саласында тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылады.

– Біз осы бағытта бірлесе жұмыс істеп, Халал өнімдер бойынша бірыңғай стандарттауды пысықтауымыз керек. Оның ішінде үшінші елдердің нарығына шығу мүмкіндігі үшін сәйкестікті тану тұрғысында – деп атап өтті Қайрат Төребаев.

Сонымен бірге, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жай-күйі және екі жақты тауар айналымын арттыру әлеуеті талқыланды. Атап айтқанда, қазақстандық делегация Татарстанның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрін ҚР-дан 396,3 млн.доллар сомасында экспорт номенклатурасын кеңейту мүмкіндігі туралы хабардар етті. Өнімдер тізбесіне түрлі салалардағы 100-ден астам шикізаттық емес тауарлар кіреді.

– Біз Татарстанға Қазақстаннан тамақ өнеркәсібінің өнімдерін, атап айтқанда: шикі рапс майы, макарон өнімдері, күріш, қант, кондитерлік өнімдер және т.б. әкелуді ұйымдастыруды ұлғайту мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. Қазақстан іс жүзінде барлық салаларда ынтымақтастық мүмкіндіктерін көріп отыр және татарстандық тұтынушыға сапалы тауарлардың кең спектрін ұсынуға дайын, – деп хабарлады ҚР Сауда және интеграция вице-министрі.

Тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және фермерліктің сауда желілерімен тиімді өзара іс-қимылын қалыптастыру тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандырудың өзара тәжірибесін талқылады.

Қайрат Төребаев татарстандық әріптесін Ұлттық тауар өткізу жүйесін құрудың қазақстандық жобасы туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша тауар өткізу жүйелерін дамыту бойынша «сағаттарды салыстыру» уағдаластығына қол жеткізілді.

Тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және түрлі салаларда тәжірибе алмасу жөніндегі Жол картасын әзірлеу туралы шешім қабылдады. Жақын арада сарапшылық деңгейде Жұмыс тобын құру жоспарлануда.

Жақын арада сарапшылық деңгейде Жұмыс тобын құру жоспарлануда.

Кездесу ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit 2021» XII Халықаралық экономикалық саммитінің жұмысына қатысуы шеңберінде өтті. Саммит аясында ҚР сауда-экономикалық миссиясы және Қазақстан-Ресей бизнес-форумы өтуде.