Қазақстанда өткен тәулікте 309 корнавирус белгісі бар пневмония анықталып, одан 14 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ 110 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурызынан бері аталмыш дертті 60893 адам жұқтырып, 3711 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандар саны 54550 адамға жетті.