• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2021

Бір тал сіріңке – мың талды өртеуі мүмкін

550 рет
көрсетілді

Көбінесе орман өрттері адамдардың қарапайым қауіпсіздік талаптарын орындамаудың салдарынан орын алады. Бір тал сіріңке мың тал ағашты отқа орауы оп-оңай. 

Сондықтан да бірқатар ережелерді есте ұстағандарыңыз жөн. Қылқан жапырақты жас ағаштар аумағында, өртең жерде, жел жыққан ағаштар алаңында, ағаш дайындайтын мөлтектерде от жағуға болмайды.

Ал рұқсат етілген аумақтарда от жақсаңыз, диаметрі 4 метрден кем емес алаңда топырақ жабыны болуы қажет. Демалыс аяқталған соң отты толық өшіріп, топырақпен көміп тастаңыз.

Орманда өрт байқасаңыздар, күш алуына жол бермеу керек. Сөндіре алмаған жағдайда, бірден 101 орталық өртке қарсы қызметке және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына 8-7232-24-84-70 телефонына хабарласу қажет.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін тұлғаларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабы бойынша жауапкершіліктер қарастырылған.

 

ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Дархан Ерсалин