• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Шілде, 2021

Атырауда қоршаған ортаны ластаған көлік жүргізушілері жазаланды

405 рет
көрсетілді

Атырау қаласының тұрғындарын қоршаған ортаны бүлдіретін көліктердің көбеюі алаңдатып отыр. Полиция қызметкерлері сондай көлікті жүргізген 16 жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Полиция қызметкерлері экологтармен бірге 28-29 шілдеде бірлескен бірлескен рейд жүргізді. Рейд кезінде 20-дан астам көлік құралынан қоршаған ортаға бөлінетін зиянды қалдықтардың нормаларға сәйкестігі тексерілді. Нәтижесінде 16 көліктің қоршаған ортаға шамадан тыс шығарынды шығаратыны анықталды. Бұл көліктердің жүргізушілері ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 334-бабына сәйкес (Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану) әкімшілік жауапқа тартылды», дейді облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.