• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 31 Шілде, 2021

Қостанай облысында шекарадан жасырын өтпек болған екі адам ұсталды

642 рет
көрсетілді

Қостанай облысында шекарашылар бір күн ішінде заңсыз жолмен шекара аспақ болған екі адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Олардың бірі «Желқуар» бөлімшесінде қолға түскен. Сарбаздар жасағы түн жарымда мемлекеттік шекараның дәл түбінен Қырғыз Республикасының азаматын ұстап алды. Ал екінші адам Тобыл бекетінде ұсталды. Мұндағы темір жол-шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері түнгі уақытта Ресейден келген пойызды тексеру барысында Қазақстан аумағына заңсыз кірмек болған Ресей азаматын ұстады. Бұл азамат Тобылға дейін жүк пойызындағы вагондардың бірінде жасырынып келген.

«Екі жағдайда да шетел азаматтары түн жасырынып шекарадан заңсыз өтуді мақсат еткен. Алайда шекарашылар тәулігіне 24 сағат қырағы күзетте тұр», деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметі.