Жапония астанасы Токио қаласында өтіп жатқан Жазғы Олимпиадада 2 тамызда қазақстандық спортшылардың қатысуымен болатын ойын кестесі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
2 тамызда қазақстандықтар спорттың алты түрінен сайысқа түседі. Олардың қатарында байдарка мен каноэде ескек есу, жеңіл атлетика, грек-рим күресі, оқ ату, синхронды суға жүзу, cу добы бар.
06:58 Байдарка мен каноэде ескек есу. Жекелей сын. 200 метр.
Әйелдер. Наталья Сергеева 07:05 Байдарка мен каноэде ескек есу. Жұптық жарыс. 1000 метр. Ерлер. Сергей Емельянов, Тимофей Емельянов.
07:30 Жеңіл атлетика. 200 метрге жүгіру. Әйелдер. Іріктеу. Ольга Сафронова 08:30 Грек-рим күресі. Ерлер. 1/8 финал. 77 келі. Демеу Жадраев — Сохеи Ябику (Жапония).
08:30 Оқ ату. Үш түрлі тұрыста витовкадан оқ ату. 50 метр. Ерлер. Юрий Юрков
16:30 Синхронды суға жүзу. Әйелдер. Еркін бағдарлама. Александра Немич, Екатерина Немич.
16:50 Су добы. Ерлер. Алдын ала іріктеу кезеңі. Қазақстан - Австралия.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасында қоржынында қазір үш қола медаль бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алды.