Елімізде коронавируспен ауырған 402 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
Ведомствоның 2 тамыздағы мәліметі бойынша 101 702 адам коронавирус инфекциясынан (98 951 КВИ+ және 2 751 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 541 пациент стационарда, 73 161 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 676 адамның жағдайы ауыр, 402 пациенттің жағдайы өте ауыр.
196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.