• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Тамыз, 2021

Елордада бір көше уақытша жабылды

95 рет
көрсетілді

Иманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жөндеу жұмыстары 2-4 тамыз аралығына жоспарланған. Осы уақытта Иманов көшесінің Сембинов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.

«Жүргізушілер жолда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды өтінеміз», деп жазады қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы.