• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 02 Тамыз, 2021

Маскасыз жүргендерге айыппұл салына ма?

157 рет
көрсетілді

Елордада коронавирус індетінің өршуіне байланысты қоғамдық көлікте маска режимі тексерілді, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

CTS көлік компаниясының мамандары қоғамдық көліктегі жолаушылардың маска тағып-тақпағанын қадағалады. Маскасын тақпағандарға ескерту жасап, елордадағы эпидемиологиялық жағдайды түсіндірді.

«Қазір маскаға қатысты жай ғана ескерту жасап жүрміз. Айыппұл салынып жатқан жоқ. Жолаушылардың тең жартысы бетперде тақса, жартысында мүлдем жоқ немесе дұрыс тақпай отырады. Маска тағу ауру жұқтыру қаупін азайтады. Адам көп жиналатын жерде барынша қауіпсіздік сақтаған абзал», деді CTS компаниясы көлік бақылау департаментінің менеджері Алтынай Әлішбекова.