• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Тамыз, 2021

Шығыс Қазақстанда жүк көлігі өртеніп кетті

283 рет
көрсетілді

1 тамызда Семей-Көкентау тас жолында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шансиман» маркалы жүк көлігінің қозғалтқыш бөлігінде өрт болып, алдыңғы дөңгелегіне және көлік кабинасына тараған. Оқиға орнына келген құтқарушылар 6 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

Алдын ала болжамдар бойынша, өрттің шығуына жоғары қауіптегі қондырғылармен ұқыпсыз жұмыс істеу себеп болған. Дәл осындай себептермен 2 тамызда Күршім ауылында УАЗ көлігі өртенді. 

Жыл басынан бастап Шығыс Қазақстанда 104 көлік өрті тіркелген.