• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Тамыз, 2021

ІІМ интернет-алаяқтықтың ең кең таралған түрін атады

685 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері интернетте 11 мыңнан астам алаяқтық жасалған. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жыл басынан бері интернетте 11 мыңнан астам алаяқтық жасалды. Осындай алаяқтардың алдын алу үшін министрлік тұрғындар арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен, ағымдағы жылдың басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында алаяқтардың әдісі мен схемалары, қауіпсіздік шараларын сақтау туралы мыңнан астам материал, оның ішінде бейнематериалдар мен пресс-релиздер жарияланды. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы қылмыстармен, сондай-ақ ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалатын қылмыстармен күресудің 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасы жүргізіліп жатыр. Бағдарламаны іске асыру жоспары ұйымдастырушылық, практикалық және алдын алу шараларын қамтиды. Аумақтық департаменттерде интернет-алаяқтықты ашу үшін мамандандырылған жедел-тергеу топтары құрылды», деді С.Әділов.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесе отырып, несие беру, банк және телефонмен ақша аудару саласындағы алаяқтықтың алдын алу бойынша қажетті шаралар кешенін қабылдап жатыр.

Ағымдағы жылдың жеті айында осы санаттағы қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында жәбірленушілердің бір миллиард теңгеден астам ақшасы өтелген. 

С.Әділов атап өткендей, интернетте ең кең тараған алаяқтық – желідегі жарнама арқылы алдын ала төлем алу. Мұндай қылмыстарға онлайн тапсырыс берілген тауарларды жеткізбеу, тапсырыс берілген қызметтердің орындалмауы жатады.