• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Тамыз, 2021

Төрт облыста дауылды ескерту жарияланды

284 рет
көрсетілді

3 тамызда Қазақстанның төрт облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен екпіні 15-20 м/с болатын жел тұрып, шаңды дауыл соғады. Ауа температурасы 43 градус ыстық болады деп күтіледі. Өрт қаупі бар.

Қызылордада күндіз 40-42 градус ыстық болады.

Ақмола облысында кей жерлерде найзағай ойнайды.

Қарағанды ​​облысының бірқатар аймағында 36 градус ыстық болады. Кейбір жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда күндіз 36 градус ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Петропавлда күндіз найзағай күтіледі.