• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2021

Атырау облысында 7 айда 44 777 нысан тексерілді

514 рет
көрсетілді

Атырау облысында жыл басынан бергі 7 айда  44 777 нысан тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Атырау қаласы мен аудандар әкімдерінің өкімімен құрылған 64 мобильді топ бар.

«Қазір мобильді топтар карантиндік шектеу шараларының сақталуына мониторинг жүргізіп келеді. Мобильді топтар құрамында полицияның, «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы мен әкімдіктердің өкілдері бар. Биылғы 1 қаңтар мен  29 шілде аралығында 10 976 рейд  өткізіліп, 44 777 нысан тексерілді. Мобильді топтардан құқық бұзушылыққа қатысты 620 материал түсті. Карантин талабын елемеген шағын және орта бизнес нысандарына, жеке тұлғаларға ҚР Құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабының 1-бөлігімен 423 айыппұл салынды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мобильді топтар шілде айында 910 рейд жүргізіп, 3325 нысанды қамтыды.