Семей қаласында «КамАЗ» бен жеңіл көлік соқтығысып, 1 адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz ШҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы бүгін Семейдегі Селевин-Титов көшелерінің қиылысында орын алған.
«Бүгін, 3 тамызда «ВАЗ 2109» және «КамАЗ» маркалы автокөліктер бетпе-бет соқтығысты. «ВАЗ 2109» көлігінің жүргізушісі кабинада қысылып қалған. Оқиға орнына №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері шұғыл жетті. Олар гидравликалық құралдың көмегімен ер адамның аяғын босатты. Зардап шеккен азамат емханаға жеткізілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.