• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Тамыз, 2021

Жетісуда да жағдай мәз емес

414 рет
көрсетілді

Өкінішке қарай, Жетісуда коронавирус індетінің таралуы күн сайын өсіп келеді. Облыс қазір «қызыл аймақ» санатына кірген. Алайда шектеу шараларының күшеюі мен алдын алу жұмысына қарамастан ауырып, емханаға түсіп жатқан адам саны азаймай отыр. Мәселен, өткен тәулікте 311 науқастан вирустың оң белгісі анықталып, инфекциялық ауруханаға жатқызылған екен.

Қазір облыста 33 024 адамның коро­навирус инфекциясын жұқтыр­ға­ны зертханалық тексеру барысында расталып отыр. Яғни соңғы бір апта ішіндегі індет жұқтырудың өсу көрсеткіші 1 пайызды құраған. Ал анықталған 311 науқастың елді мекендерге шаққандағы үлесіне назар аударсақ, негізінен адам көп шоғырланған әрі Алматы қаласымен қоян-қолтық араласып жатқан аудан­­дарда басым екені білінеді. Де­мек тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақ­тамаудың зардабын шегіп отыр деген сөз.

Дерек бойынша, өткен тәулікте ғана Ақсу ауданында – 6, Алакөл ауданында – 4, Балқаш ауданында – 4, Еңбекшіқазақ ауданында – 29, Ескелді ауданында – 4, Жамбыл ауданында – 18, Іле ауданында – 34, Қарасай ауданында – 32, Қаратал ауданында – 8, Көксу ауданында – 5, Панфилов ауданында – 12, Райымбек ауданында – 2, Талғар ауданында – 36, Ұйғыр ауданында – 11, Кеген ауда­нында – 3, Қапшағай қаласында – 14, Талдықорған қаласында – 76, Текелі қаласында 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталып, науқастар медицина көмегіне жүгін­ген.

Айтпақшы, өңірде корона­ви­русқа қарсы екпе алу ісі қар­қы­нд­­ы жүріп жат­­қанымен, тұр­ғын­дардың тиісті бө­лі­­гі әлі де вак­­­цина салдыруға асы­­ғар емес. Де­рекке сүйенсек, жыл басынан бері облысқа вакци­на­­ның бірінші компонентін егу үшін 570 655 доза екпе әкелінген болса, оның 551 350 доза екпесі ғана қолданылыпты. Ал вакци­наның екінші компонентінен 516 990 доза облыстағы медицина ұйым­дарына әкелінген. Бүгінге дейін оның 383 422 дозасы егілген. Яғни екпенің екі компонентін алған осы 383 422 адамға вакциналау пас­порты берілген. Айтпақшы, вак­ци­наланғандардың арасында мем­ле­кет қызметшілерінің үлесі 11 849 адам екен, сондай-ақ 23 338 ме­ди­ци­на қызметкері мен тағы басқа 38 036 қызметкер бар. Ал вакцинаның бірінші компонентін алғандар саны 551 352 адам шамасында. Екпе алу ісі баяу да болса, жал­ға­сып жатыр.

 

Алматы облысы