• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Экология 04 Тамыз, 2021

Шайтанкөлге шаң жуытпайды

390 рет
көрсетілді

Тау басындағы таңғажайып Шайтанкөлдің жағасына қалайша қоқыс шашып кетуге болады? Өкінішке қарай, кейінгі кездері көздің жасындай көлді тамашалауға келген туристер тазалық дегенге мән бермейтін болыпты.

Міне, осы айтылған кем­шілікті жою мақсатында Қар­қаралы жастар ресурстық ор­талығы бастама көтеріп, ерік­тілер табиғаттың тазалығы үшін күреске шықты. Еріктілердің туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілігі тәнті етеді.

– Шайтанкөл – Қарқаралы ауданының інжу-маржаны. Жыл сайын көлдің жағасында жүз­деген турист болады. Өкінішке қарай, олар көбінесе өздерінен кейін қоқыс тастап кетеді. Біз мұны көре тұра, қол қусырып отыра алмаймыз. Сондықтан қоқысты өз күшімізбен жинау­ды жөн көрдік, – дейді олар.

Шайтанкөлдің жағалау аума­ғын тазарту жұ­мыс­тарына JasStar еріктілер жасағының волон­терлері және «Жасыл ел» жастар отрядының сарбаздары бар, барлығы 15 жас атсалысты.

Қарқаралы ауданының жас­тар ресурстық ор­талығының директоры Ерсайын Қобланды ерік­тілердің арқасында көл аумағының қоқыстан тазарып, өзінің таза табиғи кейпіне қайта орал­ғанын мақтанышпен айтады. Жастар алдағы уақыт­та да Қарқаралыдағы көздің жауын алар сұлу­лықтың тазалағын жіті назарда ұстаймыз деп отыр.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы