Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне келген қонақ жігіт мектептің біріне «бомба қойып» кетіпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, кеше, 3 тамызда 102 операторына осындай хабар берілген.
«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікті адамды анықтады. Индер ауданының орталығы – Индербор кентіне қонаққа келіп, жалған ақпарат берген Батыс Қазақстан облысының 1992 жылы туған тұрғынын ұстады», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір «бомба» туралы хабарлаған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.