• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2021

Атырауда автобустар Ashyq қосымшасына қосылды

218 рет
көрсетілді

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгіннен бастап мұнайлы шаһар тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктерге Ashyq қосымшасы арқылы отырады.

«Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін автобустарға «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар кіргізілмейді. Бірақ, мобильді смартфоны жоқ, сондай-ақ аталған қосымша жүктелмеген жолаушылардың қоғамдық көлікке отыруына рұқсат беріледі. Ал, Ashyq жобасы тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралу тәуекелін анықтайтын қосымша шара ретінде енгізіліп отыр. Өйткені, қоғамдық көліктер – адамдардың көп шоғырланатын орынның бірі», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.