• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2021

Ақтөбеде жасөспірімдер төбелесіп, біреуі пышақ жарақатын алды

327 рет
көрсетілді

Ақтөбенің Ембі қалалық ауруханасына 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатымен түсті. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ембі қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне белгісіз адамдар 2005 жылы туған жасөспірімді пышақ жарақатымен жеткізді. Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында 16 жастағы жасөспірімді анықтап, ұстады. Кәмелетке толмаған екі баланың арасында дау-дамай туындап, соның салдарынан бірінің екіншісіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды», деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция мен білім беру органдары мән-жайды анықтау мақсатында тексеріс жүргізетін болады.

«Кәмелетке толмаған балалардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға болады. Тек алдын алу жұмыстарына отбасы мен жақын адамдары тартылуы керек», дейді Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов.