Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда тұрғындары қандай вакцинамен егілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда елордада вакцинаның екі түрі бар - «Спутник V» және «QazVac», деп хабарлады Сархат Бейсенова.
Қаланың бас санитарлық дәрігері күн сайын елордада 5-6 мың адамға дейін вакцинацияланатынын атап өтті. Бұл негізінен 20-59 жас аралығындағы азаматтар.
Қалада медициналық ұйымдарда 83 егу пункті және СОО-да 8 уақытша пункт жұмыс істейді.
Шілде айының басында Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары қытайлық «Нayat-Var» және «CoronaVac» вакциналарының жоқтығына шағымдана бастады. Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тамыз айында қосымша 8 миллион доза вакцина түсетінін айтты.