Қазақстан қор биржасы 11.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 424,94 теңгені (+0,91) құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Рубль бағамы да едәуір өсті.
Айырбас пункттерінде америкалық долларды 424,7-426,1 теңгеден, Еуро – 503,1-505,1 теңгеден сатып алып, сатады. Рубль болса 5,82-5,87 теңге.
Сонымен қатар, 5 тамызда мұнайдың әлемдік бағасы сауда-саттық барысында өсуде.
Қыркүйек айында WTI мұнай фьючерстері 0,37%-ға өсіп, барреліне 68,40 долларды құрады.
Қазан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,30%-ға - барреліне $70,59-ға дейін өсті.