АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары жасаған COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары елдердің тізіміне Қазақстан да енді, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жсап.
«Бұл бағыттарға барудан аулақ болыңыз. Егер бұл елдерге баруыңыз керек болса, сапарға шықпас бұрын толық вакцинацияланғаныңызға көз жеткізіңіз», дейді АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары.
Аталған тізімге 70 ел кіреді. Қазақстаннан басқа Грузия, Греция, Индонезия, Иран, Ирак, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Оман, Сауд Арабиясы, Испания, Біріккен Араб Әмірліктері мен Ұлыбритания бар.