• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Тамыз, 2021

БҰҰ Ауғанстан үшін алаңдап отыр

265 рет
көрсетілді

БҰҰ Ауғанстанның оңтүстігіндегі Лешкергахта он мыңдаған адамның қақтығыс  арасында қалып қойғанына алаңдайтынын білдірді, деп жазады Egemen.kz trt.net.tr сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дужарик күнделікті баспасөз брифингінде Талибанның жылжуы нәтижесінде Ауғанстандағы лаңкестік әрекеттердің уайымды арттырғанын айтты.

Гелманд және Кандахарда азаматтардың зардап шеккенін және ауруханалар секілді инфрақұрылымның қирап жатқанын айтқан Дужарик Ауғанстанның оңтүстігіндегі Лешкергахта он мыңдаған адамның қақтығыстардың арасында қалып қойғанын жеткізді. Ол биыл 360 мың, 2012 жылдан бері шамамен бес миллион адамның Ауғанстанда тұрған жерінен көшкеніне назар аударды.

Дужарик Ауғанстандағы тараптарды бейбіт халық пен азаматтық инфрақұрылымды қорғауға шақырды. Халықаралық қоғамды да Ауғанстан үшін 1,3 миллиард доллар көмек жинауға үндеді.