Сайрам көшесі бойында орналасқан «Алма» мейрамханасы карантин талаптарын бұзып, түнгі 22:54-те келушілерді қабылдаған. Бұл туралы Еңбекші ауданының полицейлері хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Polisia.kz жазуынша, аталған мекеме Ashyq бағдарламасына тіркелмеген. Келген қонақтардың дене қызуын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.
Осы жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.