• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Тамыз, 2021

Атырау облысындағы тұзды көлге баруға тыйым салынды

3543 рет
көрсетілді

Индер ауданында жұрт көп баратын тұзды көл мен жасанды карьерлер бар. Енді оған баруға тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Көлге жету үшін аудан орталығы – Индербор кентінен 12, ал, «Индер-Қарабау» тас жолынан 1,5 шақырым жол жүру қажет. Мамандардың айтуына қарағанда, бұл көл жыл сайын жер асты суларымен ағып келетін 1,5 млн тонна тұзды ерітіндімен толығады. Су құрамында 22 түрлі химиялық элемент бары нақтыланған. Көлдің тереңді 50 метрден кем емес. Ал жалпы аумағы 110,5 шаршы шақырымды, ұзындығы 40 километрді құрайды.

«Индер ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, демалушылардың шамадан тыс жиналуына байланысты 28 шілдеде тұзды көлге, сондай-ақ жасанды карьерлерге баруға тыйым салынған болатын. Қазір ауданда эпидемиологиялық ахуал күрделеніп отыр. Сондықтан, 3 тамыздан бастап аталған жерлер жабылып, аудандық полиция бөлімі мен мобильдік топ мүшелері тұрақты түрде рейд жүргізеді», деп хабарлады аудандық әкімдіктен.