• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Тамыз, 2021

Кімдер декларация тапсыруға міндетті?

2378 рет
көрсетілді

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңі 2021 жылғы 1 қаңтардан басталды. Бұл кезеңде декларацияны тапсыру бойынша міндеттеме мемлекеттік қызметшілерде, оларға теңестірілген адамдарда, сондай-ақ аталған адамдардың жұбайларында туындайды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында бекітілген «мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар»  ұғымының мағынасын түсіндірді.

 Бұл санатқа келесі тұлғалар жатады:

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар, яғни облыс, аудан, қаладағы аудан әкімдері және т.б., сонымен қатар оның ішінде мәслихат депутаттары;

- ҚР Президенттiгiне, Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидат ретiнде тiркелген азаматтар;

- жергілікті өзін-өзі басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін қызметшілер-мәслихаттың, әкімдіктің және т.б. қызметкерлері;

- мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар. Оның ішінде, осы санаттағы адамдарға ұйымның мүлкін басқару және оған билік ету құқығы және бұйрықтар мен өкімдер шығару, сондай-ақ қол астындағы қызметкерлеріне қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолдану құқығы берілген адамдар жатады. Әдетте, мұндай өкілеттіктерге ұйым басшысы, бас бухгалтер және материалдық құндылықтарды дербес басқаруға құқығы бар немесе олардың қозғалысын бақылауды жүзеге асыратын адамдар ие;

- сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті тұлғалар. Осы санатқа квазимемлекеттік сектор субъектісінің сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өкілеттіктер жүктелген дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдарды жатқызған жөн;

- ҚР Ұлттық Банкінің және оның ведомство қызметшілері;

- азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым қызметшілері;

- қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қызметшілері.

 «Декларацияны қағаз түрінде табыс ету мерзімі 2021 жылғы 15 шілдеде аяқталды. Осылайша, декларацияны электронды түрде тапсырудың соңғы мерзімі 2021 жылдың 15 қыркүйегі», деп атап өтті МКК-де.