Атыраудағы тергеу изоляторына дезодорантқа салынған 377 трамодол дәрісін өткізбек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде заңсыз сәлемдеме иесіне жеткен жоқ. Тергеу изоляторына Атырау қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылып, сәлемдемені әкелген ер адам ұсталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір заңсыз сәлемдеме әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 481-бабымен (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жолданды.