• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 06 Тамыз, 2021

Жылқы мен қой сақтандырылады

794 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіп саласындағы сақтандыру құралдарын дамытуды жалғастыру үстінде. Осыған дейін ылғалдың жетіспеушілігі мен артықшылығынан алқаптарды және ірі қараны сақтандыру тетігі ойдағыдай жұмыс істеп келген еді. Енді бұл қатарға ұсақ мал мен жылқыны сақтандыру тетігі қосылды.

2020 жылдан бері мал шаруа­шы­лығы саласында тек сиырларды түрлі тәуе­кел­­дерден сақтандыру жұмысы атқа­ры­лып келген болатын. Енді міне на­рыққа қой мен жыл­қыны толық сақ­тан­дыруды қам­­тамасыз ететін жаңа өнім­дер ен­гі­зілді. Оған барлық ықтимал тәуе­кел­­дер кіреді және салыстырмалы түрде құны да төмен.

Мал аурудан, өрттен, жазата­­йым оқи­ғалардан шетінен ұры­лар сойып алса, жоғалып кетсе сақ­тан­дыру арқылы шығынды өтеп алуға мүмкіндік бар.

Малды қалыпты түрде сақтан­ды­ру аясында фермер малын өз шаруашы­лы­ғының аумағында ғана түрлі тәуе­кел­дерден сақтандыра ала­­ды. Сақ­тан­ды­рудың кеңейтілген фор­матында фермер малын 5 км ра­диуста орналасқан көрші шаруа­шы­лық­тардағы аурулардың өр­шуі­нен сақтандырады.

Сақтандыруға жататын мал саны ке­­мінде 30 бас болуы керек. Сақ­тан­ды­рылатын мал санына байланысты сақ­тандыру тарифтерінің әртүрлі дең­гей­лері белгіленген. Мәселен, жылқы үшін – 2,31 пайыздан 6,46 пайызға дейін, ұсақ мал үшін – 2,38 пайыздан 6,16 пайызға дейін.

– Аталған өнімдер бойынша сақ­тан­дыру сыйақыларын субси­диялау түрінде мемлекеттік қолдау жұмыс істейді. Ол ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін ынта­ландыруға және сақтандыру сыйа­қысы сома­сы­ның 50 пайызын субси­дия­­лау арқылы сақтандыру шартын жар­тылай арзандатуға бағытталған. Осылайша, сақтандыру шартын жасау кезінде фермер шарт құ­ны­ның жартысын, ал қалған жар­ты­сын оператор – Ауыл шаруа­шы­лығын қаржылай қол­дау қоры төлейді, – деп нақтылады Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басқарушы директоры Асқар Қалиев.

Жүйеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс істейді.

Тәуекелдерді әлемдік сақтандыру нары­ғында «А» рейтингісі бар Ха­лық­­аралық қайта сақтандыру ком­паниясы қайта сақтандыратын бо­­­­­лады. Бұл сақтандыру тәуекел­де­рі туындаған жағ­дайда кепіл­ден­ді­ріл­ген төлемдерді қам­та­масыз етуге мүм­кіндік береді.

Шарт жасаудан бастап төлем­дер­ге дейінгі барлық рәсімдер фер­мердің электронды цифрлы қол­­таңбасы арқылы Qoldau.kz плат­формасында орналасқан Agroinsurance ақ­па­раттық сер­ви­сін­де жүргізіледі.

Аталған өнімдер ішінара авто­мат­тан­дырылған. Егер жануар ауырған жағ­дайда эпизоотиялық қыз­­меттер іс-шара­ларын жүргізуі керек және олардың нәти­желері жү­йеге жүктеледі.