Қазақстандық балуан Валентина Исламова Токио Олимпиадасының әйелдер күресі жарысында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.
50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Исламова 1/8 финалда эквадорлық Люсиа Епес Гузманмен кездесіп, 6:9 есебімен жеңіліп қалды.
29 жастағы Валентина Исламова Ресейдің Новосібір облысында туған. Кейін Қазақстан азаматтығын алды. 2019 жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген.