Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Арал ауданында жергілікті екі тұрғынның өз үйлерінің бақшасына сора өсімдігін еккендін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Жедел тергеу тобы жүргізген іздестіру шараларының барысында күдікті ретінде сол ауданның 39 және 47 жастағы тұрғындары ұсталды.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.