• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Коронавирус 06 Тамыз, 2021

Өзін-өзі емдеу денсаулыққа өте қауіпті – М.Әйтенов

286 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен қаладағы эпидемиологиялық жағдайды бақылау жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Штаб отырысында денсаулық сақтау басқармасының басшысы қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндап, жыл басынан бері мегаполисте 21 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны, 1034 науқастан пневмония анықталғанын атап өтті.

Қала әкімі эпидемиологиялық жағдаймен танысып, инфекцияның таралуы шарықтау шегіне жеткеніне назар аударды. Тұрғындар вакцина алмаса, жағдай ушығуы мүмкін екенін ескертті.

Айта кетейік, қалада 45 вакцинациялау орталығы бар, онда 378 827 адам екпенің бірінші дозасын, 294 352 адам екінші дозасын салдырды.

Қала басшысы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін КТ, рентген аппараттарының санын көбейтуді және қажет болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істеуді, сондай-ақ науқастарды ауруханаға жатқызу уақыты 15 минуттан аспауын қадағалауды тапсырды.

М.Әйтенов вирус жұқтырған жағдайда бекітілген хаттама аясында емделудің маңыздылығына тоқталып, өзін-өзі емдеудің денсаулыққа өте қауіпті екенін атап өтті. Сондай-ақ, мобильді топтардың жұмысын күшейту, халыққа пациенттерді емдеу туралы дұрыс ақпарат беру және өлімге әкеліп соғатын жағдайларды зерттеу үшін арнайы комиссия құрып, талдауды тапсырды.

Кездесу соңында қаланың бас дәрігерлері мен медициналық ұйым басшыларына жұмысты белгіленген алгоритм бойынша ұйымдастыру тапсырылды.