• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Тамыз, 2021

Киік мүйізін жинағандар ұсталды

542 рет
көрсетілді

Арқалық полицейлері тұрғындардан төрт киік мүйізін тәркіледі, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылғы 4 тамызда Арқалық қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары жергілікті тұрғынның өтініші бойынша жоғалған малды іздестірді.

Түнгі сағат 03:00-ге жуық тәртіп сақшылары далада мотоциклмен Екідің ауылына бағыттылған екі ер адамды көрді. Ауылға кіріп, аулалардың бірінің жанында полиция қызметкерлері мотоциклді байқады. Үйге іргелес аумақты тексеру барысында полиция қызметкерлері жолдорбаның ішінен жануардың төрт мүйізін (киік мүйізі), сондай-ақ «Байкал» маркалы мылтықты және патрондарды тапты және тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабының 1-бөлігі (Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Жыл басынан бері Қостанай полицейлері 100-ден астам киік мүйізін тәркіледі, барлық факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.