Әлемдік рейтингте 35 -орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Сан-Хоседегі (АҚШ) WTA 500 турнирінің ширек финалында жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған матчте ол әлемнің 17-ракеткасы бельгиялық Элиза Мертенске жол берді - 3:6, 6:7(8:10).
Теннисшілердің кездесуі 1 сағат, 57 минутқа созылды. Енді жартылай финал 8 тамызда өтеді. Мертенс ресейлік Дарья Касаткинамен күш сынасады.