Биылғы 7 айда Ақтөбе облысында болған 54 жол-көлік апатынан 64 бала зардап шекккен, екі бала алған жарақатынан қайтыс болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сондай-ақ, көптеген жүргізушілер «арнайы балалар орындығы немесе басқа құралдар болмаған кезде 12 жасқа дейінгі балаларды тасымалдауға тыйым салуды» көздейтін жол ережелерін сақтамайды.«Тағы бір жағдай, жаздың басталуымен жас велосипедшілер (скутер, ролик иелері) сақтықты ұмытып, жазатайым оқиғаға жиі душар болып жатады», делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері жүйелі түрде ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізіп, жадынамалар таратуды қолға алған.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті баланы жол ережесін сақтауға үйретуді ұсынады. Сондай-ақ велосипедпен және мотороллермен сырғанау кезінде баланың киімінде шағылысатын элементтер болуы керек екенін еске салады.