• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Тамыз, 2021

Мәселелер жүйелі түрде шешімін табуда

740 рет
көрсетілді

Газетіміздің 4 тамыз күнгі санында Павлодар облысындағы меншікті тілшіміз Фарида Бықайдың«Мансабы «жүйрік» шенеуніктер» деген тақырыппенжарияланған мақаласында мемлекеттік қызметтегікөкейкесті мәселе – орта буын басшылары лауазымынжиі ауыстыратындығына, мансаптары тым тез өрлейтіндігіне назар аударылған еді. Осы мәселегеорай, Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметіненкелген ресми жауапты ұсынып отырмыз.

Әрине, бұл жағдаят Павлодар облы­сын­а ғана қатысты емес, дегенмен біз­дің өңірімізді мысалға ала отырып, мем­ле­кет­тік аппаратта болатын ауыс-түйіс­тер мәселесі туралы қыс­қаша тоқ­талуды жөн деп санадық. Бірін­ші­ден, соңғы жылдары мемлекеттік аппараттың жүктемесі айтарлықтайартты және алдағы уақытта азаятын түрі байқалмайды. Өкінішке қарай, мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей мұндай жүктемеге төтеп бере ал­майды. Мемлекеттік қызметпен қош ай­ты­сатындар да бар. Мәселен, бір ғана көр­сеткішті – азаматтардың өтініштерін алып қарасақ. Соңғы үш жылдың ішінде облыс әкімінің аппаратына түскен өтініштердің саны бір жарым есеге артып, 40 мыңнан 60 мыңға дейін жетті. Бұл тек облыстық аппаратқа түскендері ғана. Бұдан бөлек, 23 басқарма, 13 қала мен аудандардың әкімдіктері бар. Тұр­ғындардың өтініштерінен бө­лек, орындалуға тиісті жоғары бас­шы­­лықтың тапсырмалары, ныса­налы индикаторлар және басқа да міндеттемелер бар. Әрине, мемлекеттік қызмет жұмысқа жаныңмен беріліп, күндіз-түні еңбек етуді талап етеді, бірақ көп адам бұған шыдамайды.

Пандемия жағдайды одан сайын қиындата түсті. Қызметшілер штатының 80%-ы қашықтан жұмыс істеп, бір­азы ауырып жатқанда жұмыстың мұн­дай көлемін атқару қиынға соқты. Көп­шілік білмейтін бір жайт – өткен жылы пандемияның өршіп тұрған ке­зінде облыстық ден­сау­лықсақтау бас­қармасында бес қыз­мет­кер ғана жұ­мыс істеді. Оның ішінде басшы да бар. Әрине, облыс әкімі Әбілқайыр Сқа­қов ауруханалардың бас дәрігерлері мен өңірлікденсаулық сақтау саласы ардагерлерінің әлеуетін ұтымды пайдалана білді. Дегенмен бұл аса қиын кезең еді. Қауіптікезең аяқталғанда денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз еркімен қызметінен кетуге шешім қабылдады. Пандемия басталғаннан бері жұмыспен қамту, бизнес және басқа салаларды қолдау қажеттілігі артқаны айтпаса да түсінікті.

Мәселенің екінші жағына келер бол­сақ, көп жағдайда сабақтастық инс­ти­туты жұмыс істемейді. Тәжірибелі әріптестердің орнына жаңа кадрлар келеді. Олардың тәжірибесі, қалада немесе облыста қордаланған мәселелер тура­­­­­лы хабарының аз болуы жиі кездеседі. Кей кездері жасмамандар білек сыба­нып жұмысқа кіріссе де, көптеген «та­­ри­хи» проблемамен бетпе-бет ке­ліп, тайқып шығады. Сонымен қатар мем­лекеттік қызметтің қатаң талаптары мен жалақының көлемі еңбек на­ры­ғының заманауи трендтеріне сай келмейді. Қазіргі кезде білікті мамандар үшін фриланс, шетелдік компанияларда онлайн жұмыс істеу сияқты басқада жоғары жалақы төленетін мүм­кін­дік­тер бар. Бір жарым жылдың ішінде жергілікті атқарушы органдардың 192 қызметкері мемлекеттік қызметпен қош айтысты. Олардың ішінде мақалада есімі аталған әріптесіміз де бар. Қалай дегенмен де, ол қысқа мерзім ішінде саланы дамытудың тиімді механизмін іске қосып үлгерді. Сондықтан сабақтастық принципі өз жемісін береді деп ойлаймыз. Мақалада айтылған кейбір басшылардың бұрынғы қызметіне оралуы да оңтайлы нәтиже көрсетуі тиіс. Бұған олардың институционалдық жадысы көмектеседі.

Үшінші және біздің ойымызша ең маңызды мәселе – адами капиталдың сапасы. Оның сапасы нашар деуден аулақпыз. Алайда мемлекеттік қыз­ме­т­­­шілердің біліктілігі мен құзы­рет­тіліктерін үздіксіз арттырып отыр­масақ, ерте ме, кеш пе, мемлекеттік басқару саласында кәсіпқойлардың саны азая түседі. Қазіргі кезде Павлодар облысы мемлекеттік қызметшілерінің қа­та­рында Президенттік жас кадрлар ре­зер­вінің төрт мүшесі, «Болашақ» сти­пендиясы мен Мемлекеттік басқару академиясының 22 түлегі, алты ғылыми дәреже иегері бар. Олардың саны соңғы бір жарымжыл ішінде 1,2 есеге азайды. Бұл – біз үшін өкінішті жағдай. Себебі кей жағдайларда креативті, тың шешім қабылдауға әзір адамдар қажет екенін көріп жүрміз. Мақалада есімі аталған бір әріптесіміз Президенттік жас кадрлар резервінің мүшесі ғана емес, үздік үш­тіктің қатарында екенін атап өту керек. Ол қатаң іріктеуден өтіп, Павлодар облысына«орталық-өңір» ротация желісі бойынша қызметке тұрды. Мәселеге оралар болсақ, мемлекеттік қызметшілердің ауыс-түйіс себептерінің бірі – білім мен дағдының аздығы. Мұны мойындауымыз қажет.

Әрине, Павлодар облысының әкім­­­ді­гі проблемаларды мойындаумен шек­телмейді. Аймақ басшысының ал­ғаш­қы бастамаларының бірі – әкімдік жүйесінде функционалдық сараптама жүргізу. Проблемаларды шешу үшін олардыңсебебі мен алғышарттарын түсіну қажет екені бесенеден белгілі. Дәрігер де диагноз қоймай тұрып, емдеу­­ге кіріспейді ғой. Бұдан бөлек, функ­­циялардың қайталануы, басқару нор­ма­ларының бұзылуы және басқа да ол­қы­лықтар анықталды. Функционалдық сараптаманың нәтижесі бойынша Әбіл­қайыр Сқақов бірқатар жүйелі шешім қабылдап, өзінің орынбасарлары мен басқармалардың құзыреттіліктерін қайта бөліп, облыс әкімі аппаратының және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының штаттарының төрттен бір бөлігін қыс­қартты.

Алайда бұл шаралардың өзі аздық етеді. Мәселен, адами капитал сапасының мәселесін шешу үшін түбегейлі шаралар қажет. Бұл тек мемлекеттік қыз­мет­шілерді даярлауға қатысты емес. Проб­лема әр салада бар. Аймақ басшысы мұны жақсы түсінгендіктен мектептер мен колледждердің материалдық-тех­ни­ка­лық базасын нығайтуға, ұстаздар мен оқушыларды қолдауға көп көңіл бөледі. Сондай-ақ Әбілқайыр Сқақов теорияны тәжірибемен ұштастыруды қамтамасыз ету үшін өңірлік және ұлттық жоғары оқу орындарымен тығыз әріптестік орнатты.

Аймақ басшысының тағы бір маңызды шешімі – мемлекеттік басқару аппаратына цифрлы жобаларды енгізуді қарқынды жүзеге асыру. Қазіргі кезде Павлодар облы­сының әкімдігінде ақпараттық-сарап­тамалық жүйе, тапсырмалардың орындалуын бақылау жүйесі, ахуалдық-сараптамалық орталық және басқа да жобалар жұмыс істеп тұр. Олар мемлекеттік қызметшілерді қағазбастылықтан арылтып, шешім қабылдау мерзімдерін қыс­қар­т­уғамүмкіндік берді. Ең бастысы – қа­был­данған шешімдердің сапасының артуы. Мамандар барлық ақпарат пен саланыңдаму трендтерін бір жүйеден көріп отырғанда, оларғажағдайды сарап­тау­ға және тез шешім қабылдауға да анағұрлым ыңғайлы болады.

Ф. Бықай бұл жүйенің ыңғайлылығын мақала басылып шыққаннан кейін біздің ша­қыруымызбен жағдаяттық-са­рап­та­­малық орталыққа келіп, өз көзі­мен көр­­ген еді. Орталықтың мамандары – са­ла­лық басқармалардың білікті мамандары. Сол күні олар шаруаларға субси­­диялар беруге байланысты бизнес-үдеріс­тердің сараптамасын аяқтаған еді. Анық­­талғандай, субсидиялауға қатысты шара­лардың мерзімімен жұмсалатын уақытты еш қиындықсыз қысқартуға болады екен. Сарапшылардың ұсынысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына жолданды.

Біз Фарида Шаймарданқызына өзекті мәселені бір ғасырдан астам уақыт халыққа шынайы ақпарат таратып келе жатқан ұлттық басылымның бетінде көтергені үшін алғысымызды айта отырып, бұл жайттар облыс басшылығына жақсы таныс екенін және кешенді шаралар арқылы жүйелі түрде шешіліп жатқанын жеткізгіміз келеді. Сондай-ақ біз мамандарды мансап сатысындағы өрлеуіне емес, олардың жұмысының нәтижесіне қарай бағалауға басымдық береміз.

 

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі