• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Тамыз, 2021

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы – Алматы облысында

811 рет
көрсетілді

2021 жылғы 2-3 тамыз аралығында Алматы облысында Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпарат­тық-түсіндіру тобының (РАТТ) мамандары халықтың дінтану сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстремизмнің алдын алу шеңберінде жергілікті тұрғындармен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізді. Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына білікті теологтар, дінтанушылар және психологтар – Ж.Сандыбаев, Ж.Қаңтарбаева, И.Бердалиев, Е.Матаев тартылды.

РАТТ мүшелері Талдықорған қала­сының тұрғындарымен, Қапшағай жас­тарымен, Ескелді, Іле, Қарасай аудандарында мешіт жамағатымен, сондай-ақ Алматы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлерімен және спорт интернаттарында оқитын жеткіншектермен жалпы профилактикалық жұмыс жүргізіп, семинарлар мен кездесулер өткізді. Осы іс-шараларға 290-ға жуық адам қатысты. Іс-шаралар карантиндік талаптарға сай қадағаланып жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар барысында өңірлер тұрғындарына Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылымен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, дес­труктивті жалған діни және радикалды идея­лардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берілді.

Бұл жобаның мақсаты – діни сауат­тылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау. Сонымен қатар діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды.

 

Талғат АХЫМБЕТОВ,

«Жаңа шабыт» ҚБ басшысы