• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 09 Тамыз, 2021

Коронавирус пен пневмониядан тағы 140 қазақстандық қайтыс болды

1695 рет
көрсетілді

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 140 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кейінгі тәулікте коронавирустан 112, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 28 өлім дерегі тіркелді.

7 тамыздағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы және 28 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 135 адам емделіп шықты.

2020 жылғы 13 наурыздан бері: ауырғандар саны - 63442, 3915 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 55723-ке жетті.

9 тамыздағы мәлімет бойынша 113 186 адам коронавирус инфекциясынан (109 382 КВИ+ және 3 804 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

31 504 пациент стационарда, 81 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

 1 981 адамның жағдайы ауыр,  402 пациенттің жағдайы өте ауыр,  192 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.