АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті шығып, 187,5 мың гектар жер жалынға оранды. Мыңдаған адам үйін тастап кетуге мәжбүр болды, деп жазады Egemen.kz DW.com сайтына сілтеме жасап.
Өрт шілде айының ортасында шыққан. Оны сөндіруге мыңдаған адам жұмылдырылды.
Мамандандырылған қызметтердің бағалауынша, оны 2 аптадан ерте сөндіруге болады. Әлсіз жел сөндіруге қолайлы.
Айта кетейік, АҚШ - осы жазда орман өрттерінен зардап шеккен елдердің бірі. Жалын туристік маусымның ортасында Түркияның көптеген танымал курортын шарпыды. Сондай-ақ Грекиядағы орман өрті салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды.